426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда туризм саласын жандандыру үшін 110 мың маман қажет

  • 84
Францияда туризм саласын жандандыру үшін 110 мың маман қажет

Франция үкіметі биыл аймақтағы туризм индустриясы өрлейді деген пікірде.

Жергілікті билік ішкі туризмді дамытып, Еуроодақтың өзге елдерінен келетін саяхатшыларды асыға күтуде. Қазір елдегі мейрамханалар мен қонақ үйлердің жұмысын жандандыру үшін шамамен 110 мың маман қажет екен. Коронавирус пандемиясының салдарынан аймақтағы мейрамханалар бір жылдан астам уақыт бойы жабық болса да кәсіптің бұл түрі мемлекеттен көрсетілген жәрдемнен кейін айталықтай қызметкерлерінен айырылған жоқ. Ал қонақ үйлерде керісінше жаппай қысқартулар көбейіп, қазір маман тапшылығы байқала бастады. Енді билік елдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін қонақ үй саласындағы мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Мәселен, дәл осы саладан түсетін кіріс пандемияға дейін Францияның жалпы ішкі өнімінің 7 процентін құраған.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Жұмыс таба алмай жүргендерге мейрамханаларда бос орындар ашылып жатқанын айтқым келеді. Қызмет көрсету саласының жанданғанына қуаныштымыз. Енді алдағы уақытта осы кәсіппен алаңсыз айналысуға болады. Сондықтан жастар және пандемия кезінде қысқартуға іліккендер қызмет көрсету саласына бара алады.

 

Хабар 24 телеарнасы