426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда жол апатынан 17 адам қаза тапты

  • 65
  • UPD: 13:33, 09.06.2021
Үндістанда жол апатынан 17 адам қаза тапты Фото: AP Photo/ТАСС

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жол апаты болып, салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тапты.

Тағы бесеуі жарақат алған. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып PTI агенттігі хабарлайды.

Жүрдек автобус Кисан Нагар елді мекенінің маңында автотиегішке соқтығысып, екі көлік те аударылған. Автобустың 17 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди жол апатынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтып, оларға материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы