Түркияда теңіз жағалауын шырыштан тазалау басталды

Түркиялықтар Мәрмәр теңізінің жағасын жауып қалған теңіз шырышынан тазартуды бастады.

Арнайы шара Ыстамбұлмен бірге тағы бірнеше қаланың маңындағы теңіз суларында жүргізілмек. Себебі жабысқақ қоймалжың кемелер мен қайықтардың жүзуіне кедергі жасап, аймақтағы флора мен фаунаға қауіп төндірген. Олар қазірдің өзінде теңіз жануарларына қажетті оттегі көлемін азайтып жіберген. Ал экологтардың айтуынша, мұндай қоймалжың теңізге күн сәулесін өткізбейтіндіктен, балықтардың қырылуына әкелуі мүмкін.

Тахсин Джейлан, режиссёр:

– Мұның бәріне тұрмыста және өндірісте қолданылған суларды бақылаусыз төгу себеп болып тұр. Бізде оларды биологиялық тұрғыдан тазалау жоқ. Мәрмәр теңізінің жағасындағы халық саны артуда. Сондықтан қазіргі табиғи апатты теңіз тарапынан көрсетілген наразылық деуге болады.

 

 

Сондай-ақ...