Үндістанда автобус апатқа ұшырап, 17 адам көз жұмды

Үндістанның солтүстігінде автобус апатқа ұшырап, 17 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 18 жолаушы жарақат алған. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, автобуста еңбек мигранттары болған. Олар коронавирусқа қатысты шектеулер жеңілдетілген соң жұмыс орнына бара жатқан. Автобус қарсы бетке шығып кеткен жүк көлігіне соғылып, аударылды. Сарапшылардың айтуынша, Үндістанда жыл сайын жол апатынан 110 мыңнан астам адам қаза табады. Бұған көп жағдайда жүргізушілердің жауапсыздығы, жолдың нашарлығы және ескі көліктер себеп.