Оңтүстік Кореяда ғимарат құлап, тоғыз адам мерт болды

Оңтүстік Кореяның Кванжу қаласында 5 қабатты үйді бұзу кезінде ғимарат опырылып, 9 адам мерт болды.

Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Тағы 8 тұрғын жарақат алған. Қазір олар ауруханада. Үйдің қирандысы жақын маңдағы аялдама алдында тұрған автобусты басып қалған. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер осы көліктің жолаушылары.