Бельгияда шектеу шараларының бір бөлігі алынды

Бүгіннен бастап Бельгияда шектеу шараларының бір бөлігі алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде коронавирустың таралуы бәсеңдеп, вакциналау қарқын алды. 5 милионнан астам адам екпенің бірінші дозасын салдырған. Халықтың үштен бір бөлігі толық вакциналаудан өтті. Бүгіннен бастап Брюссель көшелерінде маскасыз жүруге болады. Дегенмен, қоғамдық көлікте, дүкендерде және жабық бөлмелерде бетперде тағу әлі де міндетті. 9 маусымнан бастап мейрамханалар мен барлар, хауыздар, фитнес орталықтар ашылады. Театрлар мен концерт залдары да жұмыс істейді. Базарлар мен жәрмеңкелерді тек жергілікті биліктің рұқсатымен өткізуге болады. Кеңсе қызметкерлері әзір қашықтан жұмыс істейді. Түнгі клубтар да жабық. Мәдени және спорт шараларын өткізуді және Еуроодақ аумағында саяхаттаудың жаңа ережелерін үкімет 10 күннен кейін қарастырады. 

Блиц 1:

- Маскалардан түк пайда жоқ деп санаймын. Оларды көшеде тақпайтынымыз керемет болды. Көп ұзамай мүлдем тақпаймыз деп үміттенем.

Блиц 2:

- Мен мұнда тұрмаймын, Францияның Лилль қаласынан келдім. Қайтадан еркін тыныс алғанымыз тамаша.

Блиц 3:

- Шаралар жеңілдетіліп, театрлар ашылып, тұрмыс-тіршіліктің қайта жанданғанына қуаныштымын. Бүгін маска тағу режимі алынып тасталғанмен, мен әзірше тағып жүрем.