Индонезияда қалайы өндірісі қоршаған ортаға зиян келтіріп жатыр

Индонезияда қалайы кен орны сарқылуына байланысты қазба жұмыстарының аумағы Бангка аралы мен жағалау маңындағы понтондарға дейін ұлғайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоршаған ортаны қорғаушылар бұл биоалуандыққа қауіп төндіріп тұр деп дабыл қақты. Мамандар балық аулау өнеркәсібіне де зиян келгенін алға тартады. Тіпті соңғы кездері балық азайып кеткен. Индонезия – қалайы экспорттайтын әлемдегі ең ірі өндіруші ел. Жұмсақ металдарға жататын химиялық элемент азық-түлікке арналған қаптаманы жасау мен электроникаға қолданылады. Жуырда оны экологиялық таза технологияда да пайдалана бастады. Алайда сарапшыладың пайымдауынша, қалайының тапшылығы 2021 жылы әлемдік нарықтағы бағаның шарықтауына әкеп соғуы мүмкін.