427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та 1933 жылғы алтын тиын $18,9 млн-ға сатылды

  • 104
АҚШ-та 1933 жылғы алтын тиын $18,9 млн-ға сатылды

Нью-Йорктегі аукционда 1933 жылы шыққан алтын тиын 18 миллион 900 мың долларға сатылды.

Сарапшылар «бұл – рекордты сома» деп бағалады. Бірегей жәдігер жергілікті коллекционердің жеке қорынан алынған. Негізі әлем бойынша 1933 жылы шыққан 20 долларлық алтын тиынның 20 данасы ғана сақталған екен. Бұдан басқа, бәссаудада 2 марка сатылды. Үшеуінің құнын қоса алғанда 32 миллион доллардан асты. Ұйымдастырушылар аукцион сатылымынан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы