Әлемдегі ең әдемі көшелер аталды

Британдық Time Out журналы Австралияның Мельбурн қаласындағы Смит-стрит көшесін әлемдегі ең әдемі көше ретінде таңдады, деп хабарлайды «Хабар 24» Lenta.ru баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Толық рейтинг басылымның ресми сайтында жарияланған. 

Смит-стрит көшесі саяхатшылардың сүйікті жері, дейді басылым редакторлары, өйткені бұл көше адамдар қарбаласымен, заманауи пабтарымен, шарап барларымен, мейрамханаларымен танымал. «Жанды дауыстағы музыка және түнгі клубтары көп көше Мельбурн атмосферасына бөленуге тамаша орын» делінген мақалада.

Сонымен қатар тізімге Барселонаның Сан-Хуан даңғылы кіреді, бұл жер жаяу және велосипедпен жүруге қолайлылығымен ерекше. Көше сондай-ақ ерекше стильде салынған мейрамханаларымен, «комикс дүкендерінің таңғажайып коллекциясымен» танымал.

Ал Лондондағы Саут-Бэнк көшесі үшінші орынға жайғасты. Ол жаяу серуендеуге және Британия астанасының негізгі көрікті жерлерін тамашалауға мүмкіндік беретін орын деп танылды.

Бұлардан бөлек, тізімге Гаванадағы Сан-Исидро көшесі, Лос-Анджелестегі Сансет бульвары, Роттердамдағы Витте де Витстраат, Сан-Паулудағы Трес Риос көшесі, Сингапурдағы Хаджи-Лейн және Лиссабондағы Родригес-де Фариа көшесі енген.