Мексикада пайда болған шұңқырдың көлемі ұлғайды

Мексиканың оңтүстігінде пайда болған шұңқырдың көлемі ұлғайып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар оның диаметрі 125 метрге дейін жетіп футбол алаңындай болғанын айтады. Ал тереңдігі 15 метрге жеткен.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шұңқыр бір тұрғын үйді жұтып, бірнеше отбасы ауылшаруашылық алқабынан айырылған. Сондықтан шұңқырды күзетуге әскерилер жұмылдырылған. Құтқарушылар халыққа шұңқырға жақындамауға кеңес беріп жатыр. Фермерлердің айтуынша, келеңсіз жағдайдың болуына аймақтағы өндірістік компаниялардың жер асты суын шамадан тыс пайдалануы себеп болған. Ал кей сарапшылар шұңқырдың түбінде су болғандықтан жер астында өзен су ағуы мүмкін дегенді алға тартады. 

Луис Агус Мендес, фермер:

– Ұңғыманың радиусы 100-ден асады. Өте қауіпті. Жақын жердегі құрылыс жер астына кетті. Жердің бұлай жарылуына не себеп болғанын тіпті мамандар да түсіне алмай отыр.