Оңтүстік Кореяда ғимараттың автобус үстіне құлау сәті видеоға түсіп қалды

Оңтүстік Кореяда бес қабатты ғимарат құлап, салдарынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше елдің оңтүстік-батысында орналасқан Кванджу қаласында болды. Ғимаратты бұзу кезінде ол күтпеген жерден құлаған. Сондай-ақ оның сынықтары құрылыс алаңының жанындағы аялдамада тұрған автобусты басып қалды.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар автобус – жолаушылары. Құтқарушылар қаза тапқандарды іздеуді жалғастыруда. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин апат салдарын мұқият тексеруді бұйырды.