Австралиядағы қыс мерзімі халықты әбігерге салды

Австралия халқын табиғаттың тосын мінезі әуре-сарсаңға салды. Елдің оңтүстік-шығысында соққан қатты дауылдан бірнеше адам жарақат алған.

200 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Виктория штатында көтерілген желдің екпіні сағатына 119 шақырымға дейін жеткен. Салдарынан аймақтағы ғимараттарға зақым келді. Ағаштар үйлер мен жолда тұрған көліктерге құлаған. Дауылмен бірге төпелеп жауған жауын-шашынның кесірінен өзендер арнасынан шығып, су тасқыны басталды. Жергілікті билік Мельбурнның шығысындағы елді мекен тұрғындарын эвакуациялау туралы бұйрық берді. Ал Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында қалың қар жауып жатыр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Оранж қаласында жауған ақ ұлпаның қалыңдығы 15 см дейін жетеді. Апаттан 1 мың 200-ге жуық баспана жылу мен жарықсыз қалды.

Жергілікті тұрғын:

- Осы жерде туып өстім. 47 жыл ішінде мұндай қардың жауғанын көрген жоқпын. Әдетте ақ ұлпа бірнеше сағат жауып тоқтап қалатын. Бұл жолы түнімен жауып әлі де басылмай тұр.

Сондай-ақ...