426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үнділік штамм алпыс елде тіркелді

  • 79
  • UPD: 21:47, 10.06.2021

Ертең футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Дүбірлі доданы қабылдайтын 11 мемлекеттің қатарында Испания да бар. Бірер күн бұрын ұлттық құраманың капитаны Серхио Бускетс пен қорғаушы Диего Льорентенің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осы ретте елдің денсаулық сақтау министрлігі ұлттық құрама спортшылары екпе салдырғаны дұрыс деген шешімге келді. Алайда бұл жаңалық қоғамда дау тудырды. Негізі Испанияда вакциналау науқаны кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Яғни тұрғындар жасына қарай түрлі топтарға бөлінген. Препаратты вирус жұқтыру қаупі бар аумақта жұмыс істейтін мамандар ғана кезектен тыс ала алады. Мәселен, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер мен өрт сөндірушілер. Тұрғындар «неліктен созылмалы аурулары бар адамдар шетте қалып, футболшылар кезектен тыс вакцина салдырады деген пікір айтып жатыр. Биліктің жауабы мынадай.     

Каролина Дариас, Испания денсаулық сақтау министрі:

- Бұл қажетті әрі маңызды шешім. Футболшыларымыз бірнеше рет Еуропа чемпионаты мен  басқа да халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанды. Сондықтан олардың Токиодағы Олимпиадаға баратын спортшылар секілді екпе салдырғаны дұрыс деп санаймыз.

Африкалықтар екпе салдыра алмай қиналып жатса, Техас штатындағы медицина қызметкерлері керісінше одан бас тартты. Тіпті сол үшін наразылық акциясын ұйымдастырған. Негізі мұндағы клиникалардың бірі осыдан екі ай бұрын қызметкерлердің барлығы коронавирусқа қарсы екпе салдыруға міндетті екенін жариялаған.Вакцинадан діни көзқарасы немесе денсаулығына байланысты препарат қабылдай алмайтындар ғана босатылады. Басшылық ережеге бағынбағандар жұмыстан шығарылатынын бірден айтқан. 117 адам клиника үстінен арыз жазған. Олар мекеме басшылығының шешімі адам құқықтарын бұзады деп мәлімдеді. Медицина қызметкерлері қолданыстағы вакциналардың қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.

Бетси Ларсен, ереуілге қатысушы:

- Вакцина салдыра ма, жоқ па - бұл әркімнің өз таңдауы. Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын бақылау жөніндегі басқарма вакциналарды шұғыл түрде қолдануға рұқсат еткен. Яғни олар әлі лицензиядан өтпеді. Сондықтан сот екпе салдырмаған қызметкерлер жұмыс орнын сақтап қалатын шешім шығарады деген үміттемін.

Техастағы клиника қызметкерлерінен міндетті вакцина талап еткен АҚШ-тағы алғашқы медицина мекемесі болып отыр. Бұл аурухана мамандарынан бөлек сотқа шағымданғандар қатарында Лос-Анджелес мұғалімдері де бар. Олар да екпе міндетті болмау керек деп санайды. Жалпы АҚШ-та жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша жұмыс берушілердің 90 проценті алдағы уақытта қызметкерлерінен вакцина қабылдауын талап етпек. Немесе екпе салдырған жұмысшыларына жеңілдік беруді көздеп отырған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы