425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ жүз елге 500 млн доза вакцина таратады

  • 96
  • UPD: 20:37, 10.06.2021
АҚШ жүз елге 500 млн доза вакцина таратады

АҚШ алдағы екі жыл ішінде Pfizer мен BioNTech  компаниясынан 500 млн доза вакцина сатып алып, оны 100-ге жуық кедей елге бөліп береді.

Оның 200 млн дозасы биыл, қалғаны келесі жылдың ортасында жеткізіледі. Қайырымдылық шара Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Ковакс бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Басты мақсат жаһан жұртын вакцинациялау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Президент Джо Байден бұл шешімін Ұлыбританиядағы «Үлкен жетілік» саммитінде ресми түрде хабарлайтынын айтты. Жақын арада Құрама Штаттар аталмыш фармацевтикалық компаниямен келісім-шартқа отыратын болады. Вашингтон препаратты комерциялық емес ұйымдарға арналған бағамен сатып алады.

Хабар 24 телеарнасы