Акрополь жолынан дау шықты

Грекияда әйгілі ежелгі қамал Акропольге қарай салынған бетон жол төңіргінде дау-дамай толастамай тұр.

Мүгедектерге арналған жалғыз аяқ соқпақ, әсіресе саясаткерлер мен ғалымдардың алаңдаушылығын туғызған. Олар бетон жол ескерткіштің әсемдігін бұзып тастады деп жатыр. Ал мамандар болса жол ежелгі тастар мүжіліп, саяхатшылардың жүруіне көп қауіп төнгендіктен салынғанын айтады. Және «бетон оларды еш бүлдірмейді, қажет болған жағдайда оны алып тастауға да болады» деп отыр.

Майкл Кирк, американдық саяхатшы:

- Меніңше Акропольге ешқандай нұқсан келмеген. Жаңа жол оның әсемдігіне еш әсер ете қоймаған. Керісінше мүгедек жандар үшін жолдың жетілдірілгені дұрыс деп ойлаймын.