Угандада ауылға бөлінген вакцинаны қалаға қайтып беріп жатыр

Уганда ауруханаларында бос орын жоқ. Коронавирустың екінші толқыны басталғалы науқастар саны рекордты деңгейге жеткен.

Соңғы 5 күннің ішінде 392 адам көз жұмып, 55 мыңнан астам кісі індет жұқтырды.

Елдің Денсаулық денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, вакцинаға мән бермеген тұрғындар тарапынан екпеге сұраныс 2 есе артқан. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының кедей мемлекеттерге препарат беру бағдарламасы бойынша алынған 1 миллионға жуық доза таусылуға жақын. Сондықтан вакциналау науқаны баяулап қалды. Билік шалғай ауылдарға жіберілген вакциналарды ірі қалалардың тұрғындарына салу үшін кері қайтарып жатыр. Аймақтар арасындағы жүріс-тұрысқа шектеу қойылды.

Джойс Калунги, дәрігер:

- Жағдай өте жаман. Қатты ауырып жатқан науқастардың өзін қабылдай алмай жатырмыз. Ковид жұқтырғандар қатары күн сайын еселеп артуда.