Эстонияда бүгіннен бастап карантин жеңілдетілді

Бұдан былай ғимарат ішіне 600 адамға дейін жинауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек 50% орын бос болуы керек. Ал ашық жердегі іс-шараларға 1 мың адамға дейін қатыса алады. Сондай-ақ Таллин мен Стокгольм арасында теңіз саяхат кемелерінің қатынауына рұқсат берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл елде 2 маусымнан бері ғимарат ішінде бетпердемен жүру талабы алынып тасталған болатын.