426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та сауда орталығында атыс болып, үш адам қаза тапты

  • 41
  • UPD: 10:40, 11.06.2021
АҚШ-та сауда орталығында атыс болып, үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штатында атыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам сауда орталығында бір әйел мен балаға оқ жаудырып, содан соң өз өмірін қиған. Оқиға кезінде басқа адамдардың жапа шеккені жайлы ақпар жоқ. Марқұмның мұндай әркетке не үшін барғаны да белгісіз. Оның қолынан қаза тапқан әйел мен баланың оған қандай қатысы бары да әлі анықталған жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Рон Глассман, куәгер:

- Мен сауда орталығына жақындай бріп едім, кенетттен адамдардың қашып шығып жатқанын көрдім. Олар «ана жақта атыс болып жатыр, кері қайт» деп айқайлады. Бір кезде бірнеше рет оқтың атылғанын естідім.

Хабар 24 телеарнасы