Мексика шекарасында 206 мигрант құтқарылды

Мексика шекарасында тәртіп сақшыларының арнайы операциясы кезінде 206 мигрант құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, адам саудасымен айналысатын қылмыскерлер оларды шет елге өткізбек болған. Мигранттардың дені Бразилия, Сальвадор, Гондурас, Гватемала мен Мексика тұрғындары. Полицияның айтуынша, 200-ден астам адамды қаскөйлер 5 ағаштан жасалған тар бөлмеде жасырған. Аптап ыстықта адамдар ауыз сусыз отырған.

Айта кетейік, АҚШ-қа президент болып Джо Байден сайланғалы шекарадағы заңсыз миграция мәселесі ұшығып кетті. Құрама штаттарына ағылған кірмелердің саны еселеп артты. Адам саудалау фактісі де жиі тіркелуде. Осыған орай Мексика мен АҚШ шекарасындағы қауіпсіздік күшейіп, келімсектер өз еліне қайтарыла бастады.