427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін Ұлыбританияда «Үлкен жетілік» саммиті басталады

  • 69
  • UPD: 11:23, 11.06.2021

Бүгін Ұлыбританияда «Үлкен жетілік» елдері басшыларының саммиті басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауқымды шара маусымның 13-іне дейін созылады. Бұл G 7-ге кіретін АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция, Италия, Жапония елдері көшбасшыларының коронавирус індеті басталғалы алғаш рет жүзбе-жүз кездесуі. Саммитке бұдан бөлек Австралия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка және Еуроодақ елдерінің басшылары қонақ ретінде шақырылған. Саммитте індеттен кейін әлем экономикасын қалпына келтіру мен өзге де халықаралық өзекті мәселелер талқыланбақ. Келіссөздің көбі жабық есік форматында өтеді. Шара өтетін Корнуолл графтығында қауіпсіздік күшейтілген. Бірақ осыған қарамастан жергілікті ұйым өкілдері наразылық шарасын өткізді.

Спиро Лимнеос, наразылық шарасын ұйымдастырушы:

- Әлемде коронавирусқа қарсы вакцинасының теңдей бөлінбей жатқаны алаңдатады. G 7 елдері өз халқын 6-7 айдың ішінде егіп бітіреді, ал дамушы елдерге бұл үшін 57 жыл керек екен. Сондықтан үлкен жетілік басшыларынан екпеге патенттен бас тартуға шақырамыз.

Айта кететік, тағы бір жайт осы саммитте жұмыс істейтін ақпарат құралдары мен қауіпсіздік қызмет өкілдері орналасқан қонақ үйде індет тарап, карантинге жабылды. Бірақ дертті қанша адамның  жұқтырғаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы