Сахельдегі Францияның әскери тобы тағы ауыспақ

Сахельдегі Францияның әскери тобы тағы ауыспақ

Бір топ француз әскері Малидегі «Бархан» деп аталатын әскери операциясын аяқтап, Сахель аймағынан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ротация тәртібі бойынша аймаққа Францияның қарулы күштерінің кезекті тобы келетін болады. Әр топ Малиде 4 ай бойы болуы керек. Таяуда Франция президенті Эммануэль Макрон жақын арада Сахель аумағындағы француз әскерінің санын қысқартатынын жариялаған еді.

Айта кетейік, Франция Малиде экстремизммен күрес және лаңкестікке қарсы операциясын 2013 жылы бастаған. Француз әскерінен бөлек, аймақта мыңдаған бітімгерлік күш те орналасқан. Қазіргі уақытта Сахель ауданында 5000 француз әскери қызметшісі радикалдармен күресіп жатыр.