АҚШ-та ер адам әйелді немересімен бірге өлтіріп, кейін өзін атып тастады

Күдікті мен жәбірленушілер арасында байланыс бар-жоғы тексерілуде, деп хабарлайды «Хабар 24» Кorrespondent.net баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға АҚШ-тың Флорида штатында болды.

Ер адам әйелді және оның бір жасар немересін өлтіріп, кейін өзін атып тастаған. 

Бастапқыда жергілікті билік оқ атқан күдікті мен қайтыс болғандар бір-бірімен таныс болуы мүмкін деп мәлімдеді. Кейінірек шерифтің кеңсесі олардың арасында байланыс болмағанын, бірақ тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты.