Австралияда қатыгез адамдарға үй жануарларын асырауға тыйым салынды

Соңғы екі жылда Австралияда жануарларға қатысты бірнеше жағдай орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты билік тиісті заң қабылдады.

Алғашқы болып Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты жануарларға бұрын қатыгездік жасаған адамдарға үй жануарларын асырауға немесе олармен жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салды. Соңғы екі жылда Австралияда жануарларды қорлауға байланысты жағдайлар жиілеп кеткен.

Мысалы, Сидней хайуанаттар бағының иесі итті аяусыз ұрып, кейін оны ағашқа асып қойған.