Германияда құрылыс материалдары қымбаттады

Германияда құрылыста қолданылатын ағаш атаулы уақытылы жеткізілмейді. Сол себепті ағаш өнімдері екі-үш есе қымбаттап кетті.

Нарықта құрылыс материалдары жетіспейтіндіктен кейбір компаниялар тіпті жұмысын уақытша тоқтатты.

Сарапшылардың пікірінше, өнімді жеткізудегі іркіліске пандемия кезінде тауар тасымалдауға салынған шектеулер және Еуропа мен Солтүстік Америкада сұраныстың артуы себеп. Ағаш өнімдерімен қатар құрылыста қолданылатын темір бұйымдар да қымбаттап кеткен.