АҚШ-та қазақ күйлерінің антологиясы таныстырылды

Қазақ күйлерінің антологиясы Америка Құрама Штаттарына жетті.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған «Аманат» жинағында қазақтың 500 күйі жинақталған. Аталмыш жоба – «Сауап» қоғамдық қорының бірнеше жылға созылған зерттеу жұмыстарының жемісі. Жоба авторлары елдің музыкалық мұрасын алдағы уақытта Азия және Еуропа елдеріне насихаттауды жоспарлап отыр.

Муслим Хасенов, «Сауап» қоғамдық қорының өкілі:

Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай Қазақ халқының өнерін және күйлерін әлем елдеріне таныстыруды жөн көрдік. Шетелдіктер қазақтардың бай музыкалық мәдениетін білуі керек деп ойлаймын. Әр күйді іздеп, табу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, архивтерді ақтару және оны цифрлік форматқа көшіру сынды бірталай қиындықтар болды. Соған қарамастан мәдениетімізді насихаттауға арналған туындымыз жарық көріп отыр.