Техас штатында атыс болып, 13 адам жарақат алды

АҚШ-тың Техас штатында атыс болып, 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, екеуі ауыр халде жатыр. Оқ жаудырған қаскөй оқиға орнынан із суытып үлгерген. Полиция іздестіріп жатыр. Әзірге күдіктінің оқтың не үшін атқаны белгісіз.