Мадридте әйелдер еркектердің зорлық-зомбылығына қарсы шеруге шықты

Мадридте әйелдер еркектердің зорлық-зомбылығына қарсы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыз-келіншектер тегіс қара түсті киім киіп алған. Феминистік қозғалыстың аяқ астынан басталып кетуіне Канар аралдарында жоғалған қыздардың біреуінің өлі денесінің табылуы себеп. Бойжеткендердің ұшты-күйлі жоқ болып кетуіне әкесі кінәлі деген күдік қалыптасқан қазір испан қоғамында. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, соңғы 18 жылда 1100 әйел күйеуінің қолынан мерт болған. Ал 2013 жылдан бері анасына зорлық-зомбылық көрсету кезінде 39 бала көз жұмған.

Нереа Перес, ереуілші:

- Бойымды ашу-ызап кернеп тұр. Сөзбен жеткізу қиын. Бір жағынан шарасызбын. Бірақ бәрін өзгерткім келеді.