АҚШ-та ковид құрбандарының саны 600 мыңға жетті

Коронавирустан көз жұмған америкалықтар саны 600 мыңға жетті.

Бұл туралы Джон Хопкинс университетінің мамандары мәлімдеді. Қазір Нью-Йорктегі зираттың қоршауында ковидтен қайтыс болғандардың аты-жөні жазылған карточка мен суреттері ілулі тұр. Осылайша, індеттен құрбан болғандардың рухына тағзым жасалуда. Мұндай бастаманы еріктілер қолға алған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тағы өлім-жітім саны әлемдегі ковидтен көз жұмғандардың 15%-іне жуықтайды.