Қытайдағы жойқын жарылыстан 12 адам ажал құшты

Жексенбі күні таңертең Қытайдың 3 миллион халқы бар Шиян қаласындағы (Хубэй провинциясы) азық-түлік базарында табиғи газ құбыры жарылды. Салдарынан 12 адам ажал құшты. Тағы 144 тұрғын ауруханаға түскен. 37-сі ауыр халде жатыр.

Жарылыс Чжанвань ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30 шамасында болған. Жарылыс салдарынан 40-қа жуық сауда нысаны қирап, сол маңдағы үйлердің әйнектері сынған. Куәгерлердің айтуынша, уақыттың ерте болғанына қарамастан базарда сатып алушылар көп болған, адамдар жақын маңдағы асханалардан таңғы ас ішіп отырған. Қалада бірнеше қан құю станциясы жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер мен билік қала тұрғындарын қан құю станцияларына келіп, қан тапсыруға шақырды. Төтенше жағдай орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ...