Колумбияда кеніштегі жарылыстан 9 жұмысшы қаза тапты

Колумбияның Бойака аймағындағы кен орнында жарылыс болып, 9 жұмысшы қаза тапты.

3 кенші құтқарылған. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсы дейді. Билік метан газы жарылған болуы мүмкін деп болжайды. Құтқарушылар құрбан болғандардың мәйітін жер бетіне алып шықты. Тергеу ісі жүріп жатыр.