Меккеге қажылық жасаушылар саны шектелді

Сауд Арабиясы Меккеге қажылық жасаушылар санын 60 мыңға дейін шектеді. Корольдік тек өз азаматтарына ғана қажы атануға рұқсат берді.

Оның ішінде 18 бен 65 жас аралығындағы азаматтар ғана Меккеге бара алады. Шетелдіктер былтыр да қажылыққа бара алмаған еді. Айта кетейік, биыл мұсылманның бесінші парызын орындау рәсімдері шілденің 17-сі мен 22-сі аралығында атқарылады.