Делиде карантиндік талаптар жеңілдеді

Үндістанның Дели аймағында карантиндік шектеулер жеңілдетіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені 2 ай бойы ушыққан індеттің беті қайта бастады. Санитарлық шаралар қатаң сақталсын деген талаппен жергілікті билік дүкендер мен сауда орталықтарына ашылуға рұқсат берді. Алайда мектептер мен басқа да оқу орындарын ашу мәселесі әзірге қарастырылып жатқан жоқ.