424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирияда әуе шабуылынан аурухананың тас-талқаны шықты

  • 135
  • UPD: 09:55, 14.06.2021
Сирияда әуе шабуылынан аурухананың тас-талқаны шықты

Сирияның Африн қаласында әуе шабуылынан ірі ауруханалардың бірі жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаңкестік оқиғадан 13 адам қаза тапты. Кей ақпарат көздері мерт болғандардың саны 18 екенін хабарлайды. Жараланғандар жайлы нақты ақпарат жоқ. Марқұмдардың арасында екі медицина қызметкері бар. Атыс-шабыс үкімет әскері мен күрдтер жасақтары арасында болған екен. Әзірге қайғылы оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.

Хасан Аднан, Аш-Шифаа ауруханасының басшысы:

- Көптеген адам мерт болды. Екі медбикемізден айырылдық. Аурухана ғимаратының тас-талқаны шықты. Науқастардың көбі шұғыл эвакуацияланды. Қазір олар жақын маңдағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл жерде жұмысты жалғастыру мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы