425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жерорта теңізінде 400 мигрант құтқарылды

  • 187
  • UPD: 09:55, 14.06.2021
Жерорта теңізінде 400 мигрант құтқарылды

Соңғы екі күнде Жерорта теңізінде құтқарушылар 400-ден астам мигрантты өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заңсыз кірмелердің арасында әйелдер мен балалар көп. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 48 сағаттың ішінде 7 құтқару операциясы ұйымдастырылды. Медициналық қайырымдылық ұйым мамандары мигранттарды жіті тексеріп шықты. Әзірге олар нақты қай жерге жеткізілгені белгісіз. Зардап шеккендер жайлы да ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына қарамастан теңіз арқылы кәрі құрлыққа табан тіремек болғандардың қатары қайта артып барады. Мигранттардың дені Таяу Шығыс пен Африка елдерінің азаматтары.

Хабар 24 телеарнасы