Қытай орталығында болған жарылыс салдары тексеріліп жатыр

Қытайдың Хубей провинциясында газ жарылысынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» Синьхуа баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы 138 адам зардап шеккен. 

Қайғылы оқиға таңертең Шиянь қалалық округінің Чжанвань ауданында орналасқан екі қабатты ғимаратта болды.

Қазіргі уақытта апаттың салдары тексеріліп, іздеу-құтқару жұмыстары және көрші ғимараттардың қауіпсіздігін бағалау жұмыстары жүргізілуде.