Германияда екпенің бірінші дозасын 40 миллион адам алған

Ал, 40 миллиондай адам вакцинаның екінші дозасын алуды күтіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шамамен халықтың 48%-і. Жалпы Германияда халықты жаппай вакциналау науқаны өткен аптада басталды. Екпе салдырғысы келетін азаматтар онлайн немесе телефон арқылы жазылып оларға пошта арқылы QR код беріледі. Оны телефондағы қосымшаға көшіріп, цифрлық паспорт ретінде пайдалануға болады.

Айта кетейік, Германияда соңғы кезде вирусты жұқтыру дерегі едәуір төмендеген. Соңғы бір тәулікте 84 миллион тұрғыны бар елде коронавирус 1500 адамнан анықталған. Осыған байланысты елдің көп аймағында шектеулер жеңілдетіліп жатыр.

Абрар Мирза, дәрігер:

- Біздің клиникамыз Johnson & Johnson вакцинасының 1 мың дозасын алды. енді осал топтардың бәрі егіліп болғандықтан жастар да екпе салдыра алады. Вакциналау бағдарламасының арқасында халық қалыпты өмірге оралады деп сенеміз.