Белгісіз азамат ғарышқа сапар шегу үшін 28 млн долларға билет алды

Белгісіз қалталы азамат ғарышқа сапар шегу үшін 28 млн долларға билет алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ол «Амазон» компаниясының негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ұшпақ. Келіссөздер телефон арқылы жүріп, сауда-саттық уақыты 7 минутқа созылды.

Айта кету керек, ғарышқа сапар 20 шілдеге белгіленген. Blue Origin компаниясы өкілінің айтуынша, зымыран тасығыш капсуланы 75 шақырымға дейін жеткізеді. Кейін капсула бөлініп шығып, жер атмосферасынан әрі көтерілмек. Кеңістіктегі қашықтық кемінде жүз шақырымға жетеді. 3 минут ішінде жолаушылар салмақсыздық күйіне түсіп, ғарышты тамашалай алады.

Сондай-ақ...