Жарыс көлігі көрермендерді қағып кетті

АҚШ-тың Техас штатындағы Фабенс елді мекеніндегі ипподромда көлік көрермендерді қағып кетті. Бұл туралы ABC News хабарлайды.

Көліктің қоршауды неліктен бұзып өткені белгісіз. Оқиға салдарынан сегіз адам жарақат алған, олардың үшеуі ауыр халде. Одан бөлек тағы үш автомобильге зақым келген.

Округ судьясы Эль-Пасо Рикардо Саманьегоның айтуынша, оқиға салдарынан жалпы есепте 29 адам дене жарақаттарын алған. Көлік жүргізушісі туралы мәліметтер жарияланған жоқ.