Малайзияда акулалар белгісіз тері ауруына шалдықты

Малайзияда маржан жартастарын мекендейтін акуланың белгісіз тері ауруынан жапа шегуі жиілеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар сәуір айында бір тұрғынның әлеуметтік желіде жариялаған суретінен байқайды. Онда су жыртқышының басында ақтаңғақтар мен жаралар көрінген. Табиғатты қорғаушылар мәселені тексере келе, олардың ауруына су температурасының көтерілуі себеп деген қорытындыға келіп отыр.

Мохамед Шариф Мохамед Дин, Путра универистетінің ғылыми қызметкері:

- Көп адамдар климаттың өзгеруінің қоршаған ортаға кері әсері барына күмәнмен қарайды. Олар мұның барлығы ғалымдардың ойдан шығарғаны деп санайды. Бірақ температураның көтерілуі, маржан жартастарының түстерін жоғалтып, жойылуы климаттың өзгеруінің салдары екені анық.