Әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы қайтыс болды

Үндістанның Мизорам штатында 13 маусым күні 76 жастағы Зиона Чана өмірден өтті.

Ол әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы болып саналып келген. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Чана да атасы салған жолмен көп әйел алу дәстүрін ұстанған болатын. Өзі диабет және гипертонияалық аурумен күресіп келген.

13 маусым күні кешқұрым денсаулығы нашарлаған Чана ауруханаға жеткізілген, бірақ көп ұзамай бақилыққа аттанған.

Чананың 38 әйелі, 89 баласы және 36 немересі бар. Ал кейбір мәліметтер бойынша, ер адамның 39 әйелі, 94 баласы, 33 немересі және бір шөбересі болған.

Зиона Чана 1945 жылы дүниеге келген. Өзінің алғашқы әйелімен 17 жасында танысқан екен.