Ferrari сәнді киімдер желісін іске қосып, мейрамхана ашты

Ferrari спорттық автомобильдерін шығаратын итальяндық компания өзінің киім желісін іске қосып, мейрамхана ашты, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер және әйелдер киімдерінің алғашқы коллекциясы жексенбіде Маранелло қаласында өтті. Шығармашылық директор ретінде бұрын Armani-мен жұмыс істеген Рокко Ианноне шақырылды. Коллекцияға балалар киімі де кірді. Киімдерге Ferrari үшін дәстүрлі саналатын қызыл және сары түстері қолданылған. 

Жаңа коллекция жылына бір рет ұсынылады, ал сатылымдар интернет-дүкенде, сондай-ақ Маранелло, Рим, Милан, Лос-Анджелес және Майамидегі бутиктерде жүзеге асырылады. Сондай-ақ 2022 жылы Қытайда дүкен ашу жоспарлануда.

Ал сейсенбіде Маранеллодағы зауытқа қарама-қарсы орналасқан Ferrari мейрамханасы алғашқы келушілерді қабылдайды.