Новосибирск қаласында жанармай бекеті өртеніп, 26 адам жараланды

Ресейдің Новосибирск қаласында жанармай құю бекеті өртеніп, 26 адам жарақат алды. Өрт салдарынан сұйық отын сақталған бірнеше қойма жарылды.

Атылған цистерна ондаған метр қашықтықтағы жанармайдың бағасы жазылған стелланы қиратқан. Куәгерлердің айтуынша, 5 рет күшті жарылыстың дыбысы естілген. Қою қара түтін бірнеше шақырымнан көрінген.

Бекетті иеленген компания өкілінің айтуынша, өрт көліктердің біріне жанармай құйған кезде шыққан. Нәтижесінде бір жүк көлігі мен жанармай тасушы көлік жанып кетті. Новосибирск қаласы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Ирина Большакова жарақат алған бір адам ауыр хәлде жатқанын хабарлайды. Ресей тергеу комитеті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.