Филиппиндік студенттер оқу орындарына оралды

Коронавирус індетінің кезекті толқынына душар болғанына қарамастан, ел астанасы – Манила қаласында медициналық оқу орындарының студенттері қашықтан емес, бұрынғысынша білім ордаларына барып оқитын болды. 

Осының алдында студенттердің барлығы вакциналаудан өткен. Олар маска тағып, үнемі дене қызуын тексеруге тиіс. Сондай-ақ студенттерге университеттерінің аумағынан сыртқа шығуға болмайды. Ұстаздардың айтуынша, осылайша болашақ дәрігерлерге тәжірибе сабақтарын өткізбек. Онлайн сабақтар арқылы оқыту мүмкін емес. Оған қоса коронавирус індетімен күресетін көбірек маман дайындау қажет. Өткен тәулікте Филиппинде Ковид-19 ауруын жұқтырған 6 жарым мыңдай адам анықталды. Ал індет басталғалы бұл елде бір жарым миллиондай адам коронавируспен ауырған. 

Майкл Куевас, студент:

– Шынын айтсам, сәл қобалжып отырмын, өйткені бір жылдан аса онлайн оқыдық. Ал енді білімімізді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік бар. Әзірше манекендерге үйреніп жатырмыз. Бұл компьютер алдында отырғаннан пайдалы