COVID-19: Оңтүстік Кореяда медқызметкерлерге ерекше сыйлық ұсынылды

Қалалық медбикелер мен дәрігерлер саябаққа шақырылды.

Арнайы бағдарлама өткен жылдың қыркүйек айында басталды. Тек сәуір-мамыр айларында 300 медициналық қызметкер сауықтыру турларына қатысты. Екі сағат ішінде олар күн ваннасын алады, серуендейді, арнайы жаттығулар жасайды және емдік шөптен жасалған сусын ішеді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар Сеул саябағындағы басқа орындарға, соның ішінде денд-рарийге және хайуанаттар бағына тегін бара алады. Бұл орманға 35 жыл бойы адам кірмеген тек 2015 жылдан бастап келушілерге келуге рұқсат берілді. Мұнда жылына 6 мыңға дейін адам келеді. Үлкен Сеул саябағы – Азиядағы ең үлкен саябақ.

Лим Бен Хан, Сауықтыру бағдарламасының нұсқаушысы:

– Орманда ағаштар мен өсімдіктердің 300-ге жуық түрі бар. Бұлақтағы су әрқашан таза әрі мөлдіреп тұрады. Ауадағы оттегінің құрамы қаладағы ауамен салыстырғанда екі жарым есе көп. Орманда терең тыныс алсаңыз қандағы оттегінің деңгейі көтеріледі, жасушалардың жұмысы жақсарады және бұл иммунитетке оң әсер етеді.