Ресейде 35 мыңнан астам гектар орманды алқап күлге айналды

Ресейдің Сібірі мен Қиыр Шығысындағы орман өрті әлі де өшпей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқару қызметірінің мамандарына күні-түні тыным жоқ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Якутия мен Иркутск облыстарында ең күрделі жағдай орын алды. Онда алапат өрттен 35 мыңнан астам гектар орманды алқап күлге айналды. Әзірге апаттан адам шығыны мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түкен жоқ.

Роман Пешков, Иркутск облысы төтенше жағдай жөніндегі қызметі басшысының орынбасары:

– Катангск ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Кеше Ресейдің төтенше жағдай министрлігі аймаққа Ил-76 ұшағын жөнелтті. Бүгіннен бастап жіберілген техника өрт сөндіру жұмыстарына тартылатын болады.