АҚШ-тың Иллинойс штатындағы химиялық зауытта өрт шықты

Зауыт қызметкерлері дін аман.

Бір өрт сөндіруші жеңіл жарақат алған. Апаттың қауіптілігінен жергілікті билік жақын маңда тұратын тұрғындарды эвакуациялай бастады. Өрт шыққан зауытта металдарға арналған түрлі жағармайлар мен тазартуға арналған сұйықтықтар шығарылады. Қызыл жалын ауыздықталғанмен, зауыт әлі бірнеше күн жануы мүмкін дейді мамандар. Өрт сөндіру қызметінің басшысы өртті толық сумен өшіру жергілікті Рок өзеніне қауіп төндіретінін айтады. Сондықтан тұрғындарға сыртқа маскасыз шықпауға кеңес берілді. Әзірге өрттің шығуына нақты не себеп болғаны белгісіз.

Сондай-ақ...