ТМД аумағында коронавирусқа шалдыққандар көбейді

Соңғы бір аптада ТМД аумағында коронавируспен ауырғандар саны көбейіп, шектеу шаралары күшейтіліп жатыр.

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Тек көрші Ресей мемлекетінде бұл көрсеткіш бір жарым есеге артты. Сол себепті ведомство басшысы санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң ұстану қажеттілігін ескертті. Мәселен, биыл еліміздің барлық әуежайлары мен темір жол вокзалында Ашық жүйесі енгізілетін болады. Осы уақытқа дейін бағдарлама арқылы 4 мыңнан астам науқас анықталды. Министрдің айтуынша, азаматтарымыз әлі күнге дейін карантин режимін сақтамай жатыр. Енді оларға 87 мың теңге айыппұл салынатын болады. Естеріңізге салайық, маусымның алтысында Қазақстан жасыл аймаққа өтті. Тек Нұр-сұлтан қаласы ғана әзірге қызыл аймақта.

Жалпы ел бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 16 процентке азайды.