Новосибирск қаласындағы жанармай бекетінде болған өрттің себебі аталды

Новосибирскідегі жанармай бекетінде болған өрт қауіпсіздік шараларын сақтамаудан болған, деп хабарлайды «Хабар 24» RT баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Және бекет басшысы қауіпсіздікті бақылауға алмаған», – деді аймақ әкімі Андрей Травников жедел кеңесте.

Ол пандемиялық қадағалау демалысы кезеңін кейбір кәсіпкерлер өз бизнесіне, жұмысшыларына және айналасындағы тұрғындарға қатысты басқарушылық пен жауапсыздық маусымы ретінде қабылдағанын атап өтті. Билік Новосибирскідегі барлық жанармай құю бекетін тексеруге шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, Ресейдің Новосибирск қаласында жанармай құю бекеті өртеніп, 30-дан астам адам жарақат алған болатын. Өрт салдарынан сұйық отын сақталған бірнеше қойма жарылды.

Осы тақырыптағы өзге де материалдар:

Новосибирск қаласында жанармай бекеті өртеніп, 26 адам жараланды

Ресейдің жанармай құю бекетіндегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты