Вьетнам орталығында өрттен 6 адам мерт болды

Вьетнамның Орталық Нгуан провинциясының әкімшілік орталығы саналатын Винь қаласында үш қабатты үйден өрт шығып, кем дегенде алты адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24» Tass.ru баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғимарат пәтер ретінде және кеңселерге жалға берілген, бірінші қабатта коронавирустың таралуына байланысты жақында жабылған кафе орналасқан.

Тілсіз жау бүкіл ғимаратты тез жалмап алған. Өртпен күресу үшін арнайы техника қолданылып, оны сөндіруге 100 өртсөндіруші мен әскери қызметшілер жұмылдырылды. Алайда қою түтіннен олар ғимарат ішінде қалып қойған тұрғындарды құтқара алмаған.