Ресейдің жанармай бекетіндегі жарылыстан жараланғандар саны артты

Ресейдің Новосібір қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан жараланғандардың саны 35-ке жетті.

Зардап шеккендердің арасында бір бала мен екі өрт сөндіруші бар. 20 адам ауруханада жатыр. 10 науқастың халі мүшкіл, қалған 10 адамның жағдайы бірқалыпты дейді мамандар. Тағы 15 тұрғын амбулаторлы түрде ем қабылдауда.

Естеріңізге салайық, жойқын жарылыстан кешеннің тас талқаны шыққан. Куәгерлердің айтуынша, 5 рет күшті жарылыстың дыбысы естілген. Өрт салдарынан отын сақталған бірнеше қойма жарылды. Мамандардың айтуынша, жарылысқа резервуарға отын толтырып жатқанда, газдың сыртқа шығып кетуі себеп болды. Қауіпсіздік талаптары сақталмағандықтан бір жүк көлігі мен жанармай тасушы көлік жанып кетті. Оқиға орынында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр. Ресейдің тергеу комитеті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.